КҚК 25 жасы

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ


КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ

Мұнай құбырының ұзындығы 1,5 мың км-ден асады, ол Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындары мен Новороссийск маңындағы Южная Озереевка кентінің жанында орналасқан Теңіз терминалын бір біріне жалғап жатыр, бұл жерден танкерлерге тиелген мұнай әлем нарығына жөнелтіледі. 

Ресей Федерациясының аумағында «КҚК-Р» Акционерлік қоғамы, ал Қазақстан Республикасы аумағында – «КҚК-Қ» Акционерлік қоғамы тіркелген. Мұнай құбырының өткізу мүмкіндігі жылына 67 млн тоннаны құрайды.

КҚК Акционерлері: 

  • Ресей Федерациясы – 31%. «Транснефть» ЖАҚ «КҚК-Р» АҚ және «КҚК-К» АҚ акцияларының федералдық меншіктегі 24%, «КТК Компани» және «КТК Инвестментс Компани» («КҚК-Р» АҚ және «КҚК-К» АҚ акцияларының 7% иеленеді) компаниясы акцияларының 100% сенімді түрде басқарушы болып табылады,
  • Қазақстан Республикасы (оның атынан Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) – 20,75%, 
  • Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, 
  • LUKARCO B.V. - 12,5% 
  • Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, 
  • Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, 
  • BG Overseas Holding Limited - 2%, 
  • Eni International N.A. N.V. - 2%,  
  • Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

Корпоративтік басқару

Эндрю МакГран

Николай Николаевич Горбань

КҚК Бас директоры

2016 ж. 25 маусымнан бері - Каспий Құбыр Консорциумының Бас директоры.

1970 жылғы 23 маусым күні Мәскеу облысы Луховицы қ. дүниеге келген. 1997 жылы Донбасс мемлекеттік құрылыс және сәулет академиясын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген, 2001 жылы – Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университетін «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ өнімдерін сақтау орындарын жобалау, құру және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техникалық ғылымдар кандидаты дәрежесін иеленген. Еңбек жолын құрылыс трестінің шеберінен бастап, мұнай өнімдерін тасымалдау құбыры мен мұнай құбыры көлігін басқаруға дейін көтерілген. 2012ж. сәуірден 2016 ж. 25 маусымға дейін – «Транснефтепродукт" АК» ААҚ Бірінші вице-президенті, Президенті. 2016 ж. 25 маусымнан бастап - Каспий Құбыр Консорциумының Бас директоры. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – 1 және 2-дәрежелі «Достық» орденімен, «Қазақстан мұнайының 120 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «За заслуги перед Астраханской областью» орденінің медалімен, Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен, Астрахань облысы Губернаторының Алғыс хатымен, Қалмақ Республикасы Басшысының Алғысымен, Краснодар өлкесі ОЭК мәселелері департаментінің Құрмет грамотасымен, «Транснефть» АҚ және «Черномортранснефть» ААҚ Құрмет грамоталарымен марапатталған, «Құрметті мұнайшы» құрметті атағын, «Қалмақ елінің Құрметті азаматы», «Еңбек ардагері» атақтарын иеленген. 1
Толық сипаттама

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.