КҚК 25 жасы

Жоба жайлы


КТК панорамасы »онлайн режимінде

«ККК Панорамасы» онлайн - ЖУРНАЛ ЖӘНЕ ОДАН БАСҚА ЖАЙЛЫ

«КҚК панорамасы» журналы – бұл ұзындығы 1551 шақырымға созылып жатқан «Теңіз - Новороссийск» құбырымен мұнай жеткізетін Каспий Құбыр Консорциумының тоқсан сайын шығатын корпоративтік басылымы. Журнал 2013 жылдан бастап шығарылады, оның тарихы «КҚК жаңалықтары» корпоративтік газетінен басталады. Басылымның концепциясы – халықаралық Консорциум жұмыс жүргізетін өңірлердегі оның өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметі туралы өзекті ақпаратты, сонымен қатар «адам факторы»: КҚК адамдары, олардың мүдделері, жетістіктері, шығармашылығы жайлы материалдарды теңгерімді түрде жедел жариялап тұру.

«КҚК панорамасы» сайты басылымды желі арқылы сүйемелдеу, журналдың қағазға шығарылған даналарына қосымша электронды нұсқасын жүктеп алу мүмкіндігін беріп, оқырман аудиториясын кеңейту мақсатында құрылған. Оның үстіне сайт – интерактивті хабар алмасудың тиімді құралы, ол бір жағынан редакцияға оқырман қызығушылығының бағыттарын дұрыс тануға, жаңа авторларды тауып, олармен байланыста болуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан оқырмандарға «қадірлі редакция» олардың ой-пікірлері мен ескертулерін ескеретіндігіне, таңдауларын назарына алатынына негізді сенім береді. Қарапайым сөзбен айтқанда, дәстүрлі хат-хабар бөлімі бүгін заманауи және ыңғайлы желілік форматқа айналған.

Нұрсұлтан мен Атырау, Астрахань мен Элиста, Ставрополь, Краснодар, Новороссийск – осы және КҚК құбыр жүйесінің жолындағы басқа қалалар мен кенттерде күнде және сағат сайын көптеген маңызды және қызықты оқиғалар болып жатады. Консорциум оларға белсенді қатысады, «КҚК панорамасы» журналы олардың ешбіреуін назарынан тыс қалдырмайды, ол тоқсан сайын шығады. Басылым сайты болса, барлық жаңалықтарды жедел және оқиғаларға тікелей қатысқандардан біліп тұруға, нақты уақыт режимінде әр қаланың, кенттің, терминалдың, мұнай айдау станциясының тамырын ұстап, оның тынысын, көңіл күйін, ондағы ауа райын біліп тұруға мүмкіндік береді. «КҚК панорамасы» журналының сайты қағаз басылымның мүмкіндіктерін 360° және тәулігіне 24 сағатқа кеңейтуді мүмкін етеді, сол жерде болу әсерін құрайды, бізді бір бірімізге жақындатады, күнделікті өмірімізді мейірімділік, қуаныш, бәріне қатысымыз бар болу сияқты түсініктерге қанықтырып, одан әрі дамытады.

Бұл жерде сіздер Мұнай құбырының жаңалықтарын біле аласыз, бұл жерде өндірістік сипаттағы жаңалықтар жарияланады. КҚК арқасында тарауында біздің әлеуметтік бағыттағы бастамаларымыздың қалай іске асырылып жатқанын көресіз, ал Айналамызда тарауында аймақтардың жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік аласыз және Адамдар тарауында қызықты мамандар мен оқиға қатысушыларымен таныса аласыз, олардың әңгімелерін оқисыз.

Бейінді ЖОО-да оқитындар мен әріптестерімізге Мұнай құбырының энциклопедиясы, сондай-ақ біздегі Қауіпсіздік ережелері қызықты болады.

Тарих тарауында Консорциум дамуының барлық кезеңдерімен, оның ішінде Кеңейту жобасы мен Осал жерлерді жою бағдарламасымен (ОЖЖБ) танысуға болады. Бұл жерде планетадағы аса маңызды мұнай «артерияларының» жобалануы, құрылысы мен пайдалану тарихындағы зерттеулер де жиналған. Сайттың барлық тарауларын бейнематериалдар толықтырады, олар әр оқиғаны жарқын етіп, нақтылай түседі.

Сайтпен танысуыңыз қызықты болсын!

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.