КҚК 25 жасы
  • 19.03.2021

МҰНАЙ ТИЕУДІҢ ЖАҢА РЕКОРДЫ

2019 ЖЫЛЫ КҚК НОВОРОССИЙСКІДЕГІ ТЕҢІЗ ТЕРМИНАЛЫНДА МҰНАЙ ТИЕУ БОЙЫНША ЖАҢА РЕКОРД БЕЛГІЛЕДІ: ЖЫЛЫНА 63 256 105 ТОННА

2019 жылы КҚК-ның Новороссийскідегі Теңіз терминалынан 63 256 105 тонна мұнай (брутто) тиелді, бұл 2018 жылдың қорытындыларынан 2 172 074 тонна артық, осылай КҚК мұнай портында жылдық тиелімнің жаңа рекорды белгіленді. Аяқталған жылы мұнай тиеудің ең қарқынды кезеңі желтоқсан айында болды: бұл кезеңде мұнай құятын кмелердің танкілеріне 5 834 854 тонна (46 270 277 баррель) тиелді. 2019 жылдың желтоқсанында айлаққа шығарылатын құрылғылардан 56 танкер рейске аттанды, бұл жылдық көрсеткішті 597 кеме белгісіне тіркеуді мүмкін етті.

Теңіз терминалынан 2019 жылы тиелген 63 млн тоннадан астам мұнайдың 55 841 511 тоннасын қазақстандық жүк жөнелтушілер жеткізді, ал 7 414 594 тоннасы Ресей аумағынан келді. 2019 жылы КҚК құбыр жүйесіне мұнайдың ең ауқымды көлемдері Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарынан келді – бұл сәйкесінше 29 893 404 тонна, 10 078 817 тонна және 14 120 228 тонна мұнай.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.