1920 жылдардың аяғында геологиялық барлау жұмыстарының аумағы кеңейді. Ақтөбе облысының басым бөлігі зерттелді. 5 жылдың ішінде Батыс Қазақстанның жер асты байлығын 135 геологиялық және геофизикалық партия зерттеген болатын.
2022 жылы мұнайлы Ембі 100 жылдығын атап өтеді. Кәсіпорынның ресми ашылуы 1922 жыл болып есептеледі. Дәл сол кезде «Доссор» мен «Мақат» кен орындарын игеруге «Эмбімұнай» тресі құрылған болатын. Бірақ Қарашүңгілдегі Ембі құрылымындағы №7 ұңғымадан мұнай 1899 жылы алынған болатын. Қазақстандық мұнайдың тарихы осы оқиғадан басталады.
Аркадий Волож 1964 жылдың 11 ақпанында Қазақ КСР-дың Гурьев қаласында туған (Қазір Атырау). Әкесі Юрий Абрамович Волож (1938 жылы туылған), геолог, Каспий маңы мұнай кен орындарының маманы, Қашаған кен орнын ашқандардың бірі.
Қараша айының бас кезінде Атырауда ерекше жоба іске асырылып, жұртшылыққа таныстырылды. Бұл композитор Әбілахат Еспаев пен ақын Садықбек Адамбековтың туындысы - «Маржан қыз» атты әннің 70 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш еді.
29 сәуір күні Доссор кен орнындағы №3 ұңғымадан, орта юра қалдықтарының 225-226 метр тереңдігінен қуатты мұнай бұрқағы атқылағанына 110 жыл толып отыр.