КҚК 25 жасы

АДАМДАР, АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ ӘЛЕМ

  • 14.11.2021

Қарашүңгіл — Қазақстандағы алғашқы мұнай кен орны

1899 жылдың 15 қарашасында Атырау облысындағы Қарашүңгіл өзенінің жанынан алғашқы мұнай бұрқағы атқылады.

Қазақстанның алғашқы мұнай кен орны Қарашүңгіл туралы деректер ғаламторда өте сирек кездеседі. Таңқалатын ештеңе жоқ. 1899 жылы алғаш рет игеріле бастаған кезде ол жерден өндірілетін мұнай көлемі жақсы болған, тәулігіне 22-25 тонна өндірілетін. Бірақ 1911 жылы Доссорда, одан кейін Макатта ауқымды өндіріс басталып, жылына жүздеген мың тонна мұнай өнідіріле бастады. Сондықтан Қарашүңгіл кен орны ұмыт қалған.

XIX ғасырдағы ресейлік дерек көздерін таптық. Онда Қарашүңгілге үлкен мән берілген. Қазақстан мұнайын Бакудікінен де жоғары бағаланған.

Қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай «№ 1 ұңғыманың» естелік стеласы жаңартылды.

1. "ЕмбіМұнайГаз" АО Қазақстанның алғашқы мұнай кен орнының құрметіне Қарашүңгіл көлінің жанында орнатқан естелік стела.

Қарашүңгіл туралы алғаш деректер 1874 жылдан басталады. Сол кезде Орал облысының губернаторының тапсырмасы бойынша Ресейдің тау-кен инженері Д. Кирпичников Қарашүңгіл, Доссор мен Иманкардағы мұнайды зерттеген екен. 1874 жылы оның жазған зерттеулері Тау-кен журналында жарияланған болатын. (том IV):

"…мұнай кен орны Қара-Шүңгіл деп аталатын жерде орналасқан. Ол жер Төменгі Ембі бекінісінің оңтүстігінде орналасқан. Бекіністен 80 шақырымдай жерде, Каспий теңізінен оңтүстікке қарай 15 шақырымдай жерде, Тулюс, Толтор-Чеку және Жар-Чеке шатқалдарының арасында орналасқан. Құмды, тегіс емес, барқандар таралған аймақ. Ол барлық шатқалдардан биік орналасқан. Ортасында мұнай көзіне ие тұзды көл бар. Көлдің ұзындығы 300 сажын (548 м - Я. Ф.), еңі 200 сажын. (365 м - Я. Ф.). Көлдің ортасында қырғыздардың қорған тұрғызуға әзірлеген 2 гипстік биіктік бар".

2. Көлдің 2019 жылдың тамыз айындағы суреті. Онда Кирпичников жазған 2 гипстік биіктік анық көрінеді.

"Қызғыздар бұл жерді киелі санаған. Сондықтан көлдің жағасында мазарлар өте көп. Көлдің оңтүстік жағалауынан ағып жатқан мұнай қырғыздарға бұрыннан мәлім. Олар оны малға дәрі ретінде пайдаланып жүр. Терісіне жара шыққанда қара майды жағып кетіреді екен. Мұнай өндіру үшін қырғыздар бірнеше шұңқыр қазып қойған. Сол жерге мұнай жиналып тұрады. Тәулігіне щұңқырдағы судың бетіне қалқып шығатын бір шелек мұнай жиналады екен.

Құм тас жерлдердің бетіне қалындығы аршынның ¾ бөлігіне тең келетін (53 см - Я.Ф.) мұнай жиналады. Қара майдың қатты құрамдас бөлігін сіңіріп алған ол асфальтқа айналып кеткен. Бұл қабат көлдің оңтүстік жағалауына тереңдей түскен. Оның ені 10 сажынды (18 м - Я.Ф.) құрайды. Бұл қабаттың бағыты және мұнайдың жағалауға шығуы мұнай көзі көлде емес оның маңында, оңтүстікке қарай, биіктеу жерде орналасқанын аңғартады. Мұнай көзін ашу үшін көлдің жанындағы төбенің оңтүстік жағына құдық салған жөн. Көл жағалауының оңтүстік жағында алдымен бірден 5 сажынға (9 м - Я. Ф.) тік көтерілген төбе бар. Одан кейін біртіңдеп тағы 5 сажынға (9 м - Я. Ф.) көтерілетін тағы бір төбе бар одан кейін 1 шақырымнан аса жазық жер жатыр. Оның қақ ортасында тұзды қайнар бұлағы бар. Темір араласқан құм тасты жерден бастау алады. Бұл алаң жан-жақтан ақырын төмендейді де төмендегі көлдерге жалғасып кетеді. Көлдің маңындағы мұнай көзі бар жерлер биік таулардан алыста. Демек, мұнай жасырынған кен орны да көлден алыстамаған, әрі саяз жерде орналасқан. Құдық қазуға ең ыңғайлы жер - көлдің оңтүстік жағалауы, тұзды қайнар бұлағының жаны".

3. Оңтүстік жағалаудан түсірілген сурет. Айтпақшы аталмыш қайнар әлі де бар.

"Қырғыздар қазған шұңқырдан алыңған мұнай құрамы тексерілген кезде бар-жоғы 19,4% керосин өндірілген. Ал Кавказ елінің дәл сондай көлемдегі мұнайынан 40% керосин шыққан. Құрамындағы керосиннің аздығын түсіндіруге болады. Біз үлгі ретінде алған мұнай шұңқырдың бетінен алынды, қоймадан емес. Шұңқырдың бетіне шығу үшін ол қаншама құмды жерден, асфальт болып қатып қалған қабаттан өтті. Жол бойына мұнайдың құрамындағы керосин асфальтта қатып қалған мұнайдың қатты бөлігін ерітуге жұмсалған. Сондықтан да мұнайдың оңай жанатын бөлігінің көлемі қиын жанатын бөлігінен аз болып шыққан. Демек керосиннің пайыздық мөлшері аз болған. Құдық қазылған жағдайда мұнай бірден қоймадан алынатын болады. Демек ондағы керосин мөлшері Кавказ елінің мұнайындағы мөлшерден аз болмауы тиіс.

Үлгі ретінде алынған мұнайдың түсі сары-қоңыр, меншікті салмағы - 0,869. Иісі жағымсыз. Бірақ ол құрамындағы күкіртті сутегіне байланысты. 195°Ц жана бастайды. 195 и 310° температурада керосин бөлінеді. Содан кейін қалғанынан дөңгелектермен, көліктерді және т.б. майлауға жарайтын парафин өндіруге болады"

4. Қарашүңгіл көлі. 1898 жыл.

Қарашүңгілдің келесі даму кезеңі Кирпичниковтың зерттеуінен кейін 20 жыл өткенде орын алады. Ары қарай 1900 жылы «Орынбор хабаршысы» жариялаған мақаладан түйгенімді айтып берейін::

1895 жылы Ю. Т. Лебедев қазақ даласына барған сапарында Қарашүңгіл шатқалының жанындағы терең шұңғымаға назар аударады. Ол сол жердің бетінен глаубер тұзының, асфальттың, гудронның мол қорын, сондай-ақ мыс, тас көмір және басқа да пайдалы қазбалардың іздерін тапқан. Келесі жылы көктемде Лебедев Қарашүңгілде уақытша құрылыс жүргізіп, жұмысшыларды жалдап, барлау жұмыстарын жүргізе бастайды.

5. 1898 жыл. Мұнайдың жерден шығуы.

Көп кешікпей Лебедевтың тапқанын 26 мыңға бағалап, барлау жұмыстарын жүргізу құқығын сатып алатын бір топ кәсіпкерлер табылады. Лебедевтің құрылғылары мен құрылыс нысандары ауқымды іс-шараға жарамайтын болған соң, Н. Н. Леманьның компаниясы өз жұмыстарын тек 1899 жылдың мамыр айында бастаған. Қарашүңгіл мұнайының алдын-ала зерттеу нәтижесі тамаша шыққан. Құрамындағы жаңғыш заттар көлемі 73% құраған (Бакулық мұнай – тек 58%).

"Бірнеше барлау ұңғымалары бұрғыланған болатын. 160 фут тереңдікте ұңғыманың біреуі тасқа тіреледі. 1899 жылдың 15 қарашасында биіктігі 10 аршынды құрайтын мұнай бұрқағы атқылайды. Ол кешкі сағат 4-тен таңғы 6-ға дейін тоқтамаған. Азайып, 63 рет қайта күшейген. Бұл жағдай жақын жерде орналасқан мұнайшлардың көшуіне себеп болады. Және мұнайды бу қазандарын жылытуға ғана емес, дербес мұнай кәсібі ретінде пайдалануға да жарамды көлемде шығатынын аңғартқан. Алғашқы бұрғылау ұңғымасынан шыққан мұнай көлемін анықтау әзірге мүмкін емес. Өйткені ұңғыма барлауға арналған, диаметрі 4 қана дюйм. Әдетте мұнай өндіру кезінде 18-20 дюймдік ұңғыма пайдаланатын. Қазір атқылаған мұнай көршілес шұңқырға жиналуда. Ол жерде оның бағалы бөлігі ұшып кетіп жатыр. Ал қалғанын пештерді жылытуға пайдалануға болады. Жилая коса ауылының тұрғындары да оны сатып алып, үйлерін жылытуда.

Бір қарағанда, бұл ұңғыманың жанында бұдан да тереңірек қазылған ұңғыманың бары, және одан мұнай соншалықты атқыламағаны түрлі сұрақ тудыруы мүмкін".

Бір қызығы, сол кездің өзінде, ірі қалалардан алшақ тұрған Қарашүңгілдегі мұнай өндірісінің өзіндік құны жоғары болған. Құрылыс материалдарының тасымалдау шығындары сақталып қалыпты. Мың кірпіштің құны 15 рубльді құраған болса, оны Оралдан алып келу құны 75 рубль болған. Бұл олардың өз бағасынан 5 есе қымбат.

XIX ғасыр геологтарының айтуынша, қазақтар бұл жерді киелі санаған. Әлі күнге дейін Қарашүңгіл-Атаның басына зиярат етушілер келеді.

«Қарашүңгіл-Атаның» шығу тарихы аңызға айналып кеткен. Кейбір деректерге сүйенсек 2 адам болған деседі. Қара деген ер адамның аты екен де, Шүңгіл деген қыздың аты екен. Басқа деректерге сүйенсек Қара Шүңгіл деген бір адам екен. Жергілікті адамдардан басқа мәлімет ала алмадық.

Қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай «№ 1 ұңғыманың» естелік стеласы жаңартылды.

Бұл жерге жету қиын емес. Атырау облысының Күлсары қаласынан Ақтауға қараған жол арқылы жүру керек. Маңғыстау облысының шекарасына жетпей «Қарашүңгіл-Ата» деген белгі болады. Содан жазық далаға қарай 20 шақырым жүру қажет.

Дерек көздері
Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.