КҚК 25 жасы

АДАМДАР, АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ ӘЛЕМ

  • 28.11.2021

Доссор кен орнына 110 жыл

29 сәуір күні Доссор кен орнындағы №3 ұңғымадан, орта юра қалдықтарының 225-226 метр тереңдігінен қуатты мұнай бұрқағы атқылағанына 110 жыл толып отыр.

Айтулы оқиға орын алмас бұрын Қазақстанның қазіргі аймағында 200 жылдай зерттеулер жасалған көрінеді. 1731 жылы қазақ жері Ресей империясына қосылғаннан кейін бұл жұмыстар қарқынды жүргізілген. Осы кезеңде үкімет қаулысымен Орта Азияға аттанған әскери экпедициялардың құрамына зерттеушілер қосатын болған. Олар жол бойындағы аймақтарды зерттеп, пайдалы қазбалар жөнінде жан-жақты есеп беріп отырған Зерттеушілер сол кездегі қазақтардың негізгі бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқанын және жайылым әдісін қолданғанын суреттеген.

Технолог Д. Кирпичников 1874 жылы «Ембі өзенінің жанындағы және Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағында орналасқан тұзды көлдер сипаттамасында Қарашүңгілді былай деп сипаттаған «…Қызғыздар бұл жерді киелі санаған. Сондықтан көлдің жағасында мазарлар өте көп. Көлдің оңтүстік жағалауынан ағып жатқан мұнай қырғыздарға бұрыннан мәлім. Олар оны малға дәрі ретінде пайдаланып жүр. Терісіне жара шыққанда қара майды жағып кетіреді екен. Мұнай өндіру үшін қырғыздар бірнеше шұңқыр қазып қойған. Сол жерге мұнай жиналып тұрады. Тәулігіне щұңқырдағы судың бетіне қалқып шығатын бір шелек мұнай жиналады екен».

Көптеген экспедициялар нәтижесінде 1982 жылы ауданда алғашқылардың бірі болып Доссорда мұнайды барлауға өтініш білдірген кәсіпкерлер көбейді. Кейін 1894 жылы Қарашұңгілде де барлау жұмыстары басталды. 1899

жылдың 13 қарашасында Қазақ даласының Карашүңгіл деген жерінде алғаш рет мұнай бұрқағы атқылаған болатын. Бірақ әлемнің назарын Орал-Ембі ауданы өзіне Доссор кен орны ашылғаннан кейін барып аударды. №3 тарихи ұңғымадан мұнай 30 сағат бойына атқылаған. Ол 16 700 пұт мұнай берді. Оның сапасы химиялық құрамы бойынша Бакуда өндірілетін мұнайдың құрамынан әлдеқайда мықты болып шығады.

Жаппай өтінім беру кезеңі басталды. Самара-Орал егіншілік басқармасына Орал облысындағы Гурьев, Темір және Лбищенск уездерінде барлау жасауға өтінім куәлігін алуға арыздар келіп түсе бастады. Егер 1911 жылы 121 куәлік сатылған болса, 1912-ші жылы олардың саны 1 788 және 1913-ші жылы 2 564-ке жеткен. Өтінім бергендердің көбейгенінің арқасында жер өлшеуші мамандарының қызметіне сұраныс артты. Сондықтан үкіметтік жер өлшеуші мамандардан тұратын штат құрылды. Оларды тау-кен инженері басқарды.

Сол сәттен бастап, Оралдың арғы жағындағы жазық далаларда жүргізілген зерттеу жұмыстарының жаңа кезеңі басталды. 1911жылдан кейін бұрғылау жұмыстары қарқынды жүргізілді. Әсіресе 1913-ші жылдың өзінде 117,6 мың тонна мұнай берген Доссорға көп көңіл бөлінді.

1912 жылдың 10 шы сәуірінде мемлекеттік актімен мұнай өнеркәсібімен айналысатын «Ембі» акционерлік қоғамы құрылады. Сол жылдың 12-ші мамырында Санк-Петербургте акционерлердің алғашқы жалпы отырысы өтеді. Сол жиналыста қоғам басқармасы құрылып, мұнай-кәсіпшілік және сауда акционерлік қоғамы ресми түрде жұмыс жасай бастайды. Осы кезеңде Лондондық биржа қазақстандық мұнай кәсіпшіліктерінде өндірісті ынталандыру мақсатында акция шығарады.

Доссор кен орны ашылғаннан кейін (1911 ж.) бірнеше жылдан соң 1915 жылы алғашқы мұнайды Мақат кен орны береді. Оны «Нобель» компаниясы тапқан. Бұл оқиға 1914-1915 жылдар аралығында екі кен орнындағы мұнай өндірісі 200 мың тоннадан асуына алып келеді. 

Дерек көздері 1 Дерек көздері 2
Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.