КҚК 25 жасы

АДАМДАР, АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ ӘЛЕМ

  • 27.12.2021

1930 жыл – Актобе облысын игеру кезеңі

1920 жылдардың аяғында геологиялық барлау жұмыстарының аумағы кеңейді. Ақтөбе облысының басым бөлігі зерттелді. 5 жылдың ішінде Батыс Қазақстанның жер асты байлығын 135 геологиялық және геофизикалық партия зерттеген болатын.

Бұл жұмыс көлемінің ұлғаюына алып келді. 1920 -1929 жылдар аралығында Орал-Ембі ауданының кен орындарында 1,63 миллион тонна мұнай өндірілген болатын. Бұл революцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 19% көп. Мұнайшылар ең жоғары көрсеткішке 1931 жылы қол жеткізді. Сол жылы 417 536 тонна өндірілген болатын.

1940 жылы бұл көрсеткіш 750 мың тоннаға жетті. Ал 1941 - 1945 жылдары орта есеппен жылына 800 мың тонна сұнай өндірілетін болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Жақсымай кен орны іске қосылды. 1930 -1947 жылдар аралығында Ақтөбе облысында 90 ұңғыма бұрғыланған болатын. Кейіннен Кеңқияқ кен орны ашылды. Ең ірі кен орынын барлау жұмыстары бірнеше жылға созылып, 1962 жылы аяқталған еді. Ал 1967 жылы Кеңқияқ кен орны мұнай бере бастады.


Дерек көздер 1: Дерек көздер 2:
Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.