КҚК 25 жасы

КҚК-ның Қазақстандағы нысандарында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтілді

  • 25.05.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрімен кездесу туралы

2022 жылғы 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев Каспий Құбыр Консорциумының бас директоры Николай Горбаньмен кездесті.

Әңгіме барысында энергия ресурстарын тасымалдау және цифрлық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалды.

Тараптар КҚК-ның Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметінің қаржылық нәтижелерін талқылады. 2021 жылғы 10 маусымда Каспий Құбыр Консорциумы Директорлар кеңесінің шешімі негізінде алғаш рет компания акционерлеріне дивиденд төлеудің алғашқы траншын жүзеге асырды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша КҚК Қазақстан Республикасындағы акционерлерінің пайдасына 252 млн АҚШ долларынан аса ақша аударған. 2022 жылдың маусым-шілде айларында КҚК акционерлеріне 586 млн долларға жуық ақша төленді.

Сонымен қатар, 2021 жылы «КҚК-Қ» АҚ Қазақстан бюджетіне 86 млн АҚШ долларына жуық салық төледі.

2000 жылдан бері КҚК Қазақстан Республикасы аумағында қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асырады. Осы уақыт ішінде әлеуметтік инфрақұрылымға 25 млн долларға жуық қаржы салынды.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды; бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және « КТК Компани » - 7 % « Қазмұнайгаз » - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.