КҚК 25 жасы

КҚК-ның Қазақстандағы нысандарында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтілді

  • 25.05.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің КҚК басшыларымен кездесуі туралы

2022 жылғы 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смаилов Каспий Құбыр Консорциумының Бас директоры Николай Горбаньмен кездесу өткізді.

Тараптар энергия ресурстарын тасымалдау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. КҚК Бас директоры Консорциумның 2021 жылғы қызметі қорытындылары мен ағымдағы жылдағы жоспарлары туралы хабардар етті.

Кездесуде жақында теңіз дауылы салдарынан бұзылған Новороссийск түбіндегі КҚК Теңіз терминалының екі шығарылатын айлақ құрылғысындағы (3-ШАҚ және 2-ШАҚ) жөндеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыстар сәтті аяқталды және Консорциумның барлық үш шығарылатын айлақ құрылғысы штаттық режимде қолданылып жатыр.

2021 жылы КҚК Теңіз терминалында 60,7 млн тонна брутто мұнай тиелді, бұл 2020 жылғы көрсеткіштерден 3 %-ке артық. 2021 жылы желтоқсан ең нәтижелі ай болды. Бұл уақытта теңіз кемелеріне 6,2 млн тонна мұнай тиелді.

Теңіз терминалында 2021 жылы тиелген 60,7 млн тонна мұнайдың 53 млн тоннасын қазақстандық жүк жөнелтушілер жеткізсе, тиелген мұнайдың қалған 7,6 млн тоннасы Ресей аумағынан келген. КҚК құбыр жүйесіне 2021 жылы келіп түскен мұнайдың көбі Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының үлесінде.

КҚК 2019 жылғы маусым айында Осал жерлерді жою бағдарламасының (ОЖЖБ) жүзеге асыруды бастады. Бұл тасымалдау процесін оңтайландырып, кен орындарынан мұнай айдауға арналған қосымша қуаттылықтарға ие болуға мүмкіндік жасайды. Қазақстанда осы жұмыстың маңызды кезеңі - «Теңіз» МАС-тағы сорғылар мен барлық қосалқы жүйелерді жаңғырту жүріп жатыр. Осы бағдарлама бойынша жұмыстар орындалғаннан кейін КҚК антифрикциялық қоспаларды оңтайлы пайдалану арқылы Қазақстаннан жылына 72,5 млн тоннаға дейін және ресейлік жүк жөнелтушілердің шикізатымен бірге жылына 83 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдай алады.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды; бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және « КТК Компани » - 7 % « Қазмұнайгаз » - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.