КҚК 25 жасы

КҚК-ның Қазақстандағы нысандарында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтілді

  • 09.06.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы Атыраудағы КҚК-Қ кеңсесінде болды

2022 жылғы 7 маусымда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Каспий Құбыр Консорциумы Шығыс аймағының Атырау қаласында орналасқан әкімшілік кеңсесінде болды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы сапары барысында еңбек ұжымымен танысты, КҚК Шығыс аймағы 2021 жылғы мамыр айынан бері орналасқан жаңа ғимараттың жұмыс бөлмелерін қарады. КҚК бас директордың ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин Мағзұм Мырзағалиевты компанияның ағымдағы қызметімен таныстырып, КҚК-Қ-ның Атырау облысында жүзеге асырған әлеуметтік жобалары туралы айтты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының Қазақстан Республикасы экономикасының дамуындағы маңызды стратегиялық рөлін атап өтті. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы КҚК-ның ірі акционерлерінің бірі және Қазақстан Республикасының 19 пайыздық акциялар үлесіне ие.

Анықтама:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы - КҚК ірі акционерлерінің бірі (19%). «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстандағы мұнай мен газ конденсаты жалпы көлемінің 28%-ын, табиғи және ілеспе газдың 16%-ын өндіреді, магистральдық мұнай құбырлармен мұнай тасымалдаудың 65%-ын, Ақтау кемежайынан танкерлік флотпен мұнай тасымалдаудың 77%-ын, сонымен бірге табиғи газды магистральдық газ құбырлармен тасымалдаудың 95%-ын қамтамасыз етеді, қазақстандық мұнайдың 82%-ын өңдейді, ондағы мұнай өнімдерінің бөлшектік нарғының үлесі 17%-ды құрайды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметкерлерінің саны 90 мыңға жуық.

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды; бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік , соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және « КТК Компани » - 7 % « Қазмұнайгаз » - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.