КҚК 25 жасы

КҚК-ның Қазақстандағы нысандарында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтілді

  • 14.06.2022

15 маусымнан бастап КҚК Теңіз Терминалы акваториясында су астындағы болжамды қауіпті заттарды жоюға дайындық бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда.

Каспий Құбыр Консорциумы жоспарлы-алдын алу жөндеу бағдарламасы аясында, сондай-ақ 1-ШАҚ және 2-ШАҚ шығарылатын айлақ құрылғыларын ауыстыру аясында теңіз түбіне де қатысты іс-шараларды - су астындағы манифольдтарды ауыстыру, зәкір-кессондарды орнату, шынжырларды монтаждау және жүргізу және т.б. - жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұрын теңіздің осы жағалау аумағы бірнеше рет соғыс қимылдары аймағы болған. Сонымен қатар, акваторий түбінде табиғи себептермен су түбі жыныстары мен су қабаттарының көшу процестері жүрген. Осыған байланысты Новороссийск теңіз порты мен Қара теңіз флоты (ҚФ) нормативтік құжаттарында топырақпен байланысты жұмыстарды жүргізу алдында зерттеу және қалдық миналар қаупін жою бойынша міндетті іс-шаралар кешені қарастырылған.

Алдын ала тексеру барысында 1-ШАҚ және 2-ШАҚ акваториясында гидроакустикалық және магниттік нысаналар анықталды, бұл оларды мұқият зерттеуді, қажет жағдайда жоюды талап етеді.

2022 жылғы 15 маусымнан бастап Ресей ТЖМ күштері 1-ШАҚ және 2-ШАҚ акваториясында су астындағы әлеуетті қауіпті заттарды мұқият зерттеу және жою бойынша жұмыстарды бастайды деп жоспарлануда.

Жұмыстар аяқталған соң қосымша хабарланады.

КҚК болжамды жарылыс қаупі бар заттарды жою нәтижелері бойынша Қара теңіз флоты штабының 1-ШАҚ және 2-ШАҚ транспорттық қауіпсіздік акваториясында су түбінде жұмыс жүргізуге рұқсат беретін қорытындысын алады. 15-25 маусым аралығында 1-ШАҚ және 2-ШАҚ жоспарлы тоқтату аясында жұмыс істемейді. 3-ШАҚ-ты қолдану штаттық режимде жүзеге асырылады, бұл жүк жөнелтушілердің өтінімдерін орындауға мүмкіндік береді.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды; бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және « КТК Компани » - 7 % « Қазмұнайгаз » - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.



Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.