Назарымызда
КҚК басшысы мен Атырау облысы әкімінің кездесуі туралы
2023 жылғы 25 сәуірде Атырауда КҚК бас директоры Николай Горбань мен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Консорциумның мұнай құбыры жүйесін қауіпсіз пайдалану және қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша КҚК басшылығы жүзеге асырған іс-шаралар талқыланды.
Назарымызда
ҚР Энергетика министрі мен КҚК басшысы жұмыс кездесуін өткізді
2023 жылғы 24 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен КҚК бас директоры Николай Горбань жұмыс бабындағы кездесуді өткізді. Бұл 2023 жылғы 4 сәуірде тағайындалған Қазақстанның энергетика саласының басшысының халықаралық компания басшысымен алғашқы кездесуі.
КҚК арқасында
КҚК Атырау облыстық ауруханасына жаңа медициналық жабдық тарту етті
6 сәуірде Атырауда Каспий Құбыр Консорциумының өкілдері облыстық клиникалық аурухана дәрігерлеріне Axeon видеоэндоскопиялық жүйесін тарту етті. Жоғары технологиялық және ықшам тасымалданатын аппарат жоспарлы тексеру, стационарлық емдеу, санитарлық авиацияның қатысуымен жедел көмек көрсету кезінде гастрокопия мен колоноскопия жасауға мүмкіндік береді.