КҚК 25 жасы

КҚК-ның Қазақстандағы нысандарында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтілді

  • 16.06.2022

ПХЭФ-2022: КҚК және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшыларының кездесуі туралы

2022 жылғы 16 маусымда XXV Петербург халықаралық экономика форумы (ПХЭФ-2022) алаңдарында КҚК бас директоры Николай Горбань мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев арасында жұмыс кездесуі өтті. Тараптар КҚК халықаралық жобасы асындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 80 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік беретін Осал жерлерді жою бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады.

«ҚазМұнайГаз» КҚК-ның ірі акционерлерінің бірі болып табылады - ұлттық компания Қазақстан Республикасының КҚК жобасындағы 19 пайыз үлесін басқарады. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап осы компанияның еншілес кәсіпорны - «ҚазТрансОйл» АҚ - КҚК мұнай құбыры жүйесінің Қазақстан Республикасы аумағындағы нысандарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және апаттық әрекет ету бойынша келісімшартты орындауға кірісті. «КҚК-Қ» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ арасында келісімшарт 2018 жылдың мамыр айында бес жылға - 2018-2023 жылдар аралығына - жасалды.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды; бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және « КТК Компани » - 7 % « Қазмұнайгаз » - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.