КҚК 25 жасы

ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР

  • 29.07.2022

«Jas tolqyn» - үлкен жеңістерге бастайтын трамплин

«Оның даусы тамаша, вокалдық қабілеті өте жақсы, төменгі ноталарды алады, баритон!». «Екінші Димаш боласың». Қазылар алқасының мүшелері «Jas tolqyn» өңірлік жас таланттар байқауының «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иегері атыраулық Дінмұхамед Нұрқабаев туралы осылай деді.

Байқауда ол 14 жастан жоғары санатта жеке орындауда өнер көрсетті.

Байқаудың екі кезеңінен сәтті өтіп, Гран-приді иеленген Дінмұхамед қазіргі уақытта қорытынды кезеңге - күзде Мәскеуде өтетін «КҚК-дарынды балаларға» атты халықаралық фестиваліне қатысуға бар ынтасымен дайындалуда. Дінмұхамедтің пікірі бойынша қалаулы Гран-приге қол жетудің кілті тынбай жүргізген дайындықта, еңбекқорлықта және өзіне деген сенімде.

«Jas tolqyn» байқауында мен Джош Гробанның итальян тіліндегі «Per te» шығармасын орындадым, - деп бөлісті Дінмұхамед. - Мен осы жобаға дайындықты 2-3 ай бұрын бастадым. Тәулік бойы репетициялар жүргіздік. Өзіме қолайлы репертуарды таңдадым, техникамды қалпына келтіріп, байқауда орындайтын әнді жете үйрене бастадым. Одан бөлек, ата-анам бала кезден өзіме сену деген жақсы қасиетті бойыма сіңірді. Табысқа жету үшін әрқашан өзіңе және өз күшіңе сену керек екеніне сенімдімін».

Жас орындаушы «Jas tolqyn» байқауы туралы алғаш рет сахнадағы әріптесі және «Jas tolqyn-2020» Гран-при иегері Санат Асуаттан естіді. Оның жеңісінен кейін Дінмұхамедтің байқауға деген қызығушылығы артты.

Жалпы, қазылар алқасы 600-ден астам балалардың көрсеткен өнерін орындау шеберлігі, репертуары және жас таланттардың өздерін сахнада ұстауы бойынша бағалады.

«Біздерге лауреаттарды анықтау қиын болды, өйткені байқаудың барлық қатысушылары өте жақсы нәтиже көрсетті», - деді Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Jas-tolqyn» байқауы қазылар алқасының төрайымы Раиса Мусаходжаева. - Иә, іріктеу қызу өтті. Соншама көп дарынды балаларды тыңдадық, бірақ шаршамадық. Себебі әрбір жаңа бала сахнаға шыққан кезде бізді таңдандырды».

«КҚК-дарынды балаларға» халықаралық фестиваліне дайындықтан бөлек, Дінмұхамед өмірінің жаңа кезеңіне - ЖОО-да оқуға әзірленуде. Жуырда ғана Дінмұхамед мектепті ойдағыдай аяқтап, Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетіне түсті.

«Мен бала кезімнен өте ұқыпты, таза болдым, - деді Дінмұхамед. - Бәрін кесте бойынша істедім және тәртіпті ұнаттым, және де өз пайдама келісуді жақсы көрдім. Сол себепті, дипломат болып, халықаралық мәселелер мен істерді шешсем деген арман пайда болды. Сондықтан «Халықаралық қатынастар» мамандығын таңдадым.

Дінмұхамедтің айтуынша, ол шамамен 10 жасынан бастап ән айта бастады. Басында атақты орындаушыларға каверлер жазды.

«5-сыныпта оқыған кезімде «M-band» тобы өте танымал болды, сыныптастарыммен бірге біз үнемі әртүрлі каверлерді жазатынбыз я сыныпта өзіміз шағын концерттер ұйымдастыратынбыз. Осы кезден менің ән айту жолым басталды. 11 жасымда мен эстрадалық вокалмен кәсіби түрде айналыса бастадым, жарты жыл қажырлы еңбектен соң-ақ мен алғаш рет Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінің аңызға айналған сахнасында «Фантазия» вокалдық студиясымен бірге өнер көрсеттім».

Оқуын шығармашылықпен бірге қатар алып жүруді жоспарлайсың ба деген сұраққа Димаш былай деп жауап берді: «Арманым бола тұрса да, музыка мен үшін - жанымның ішкі үйлесіміне қолдау болып табылады. Алла Тағала маған музыкалық түйсік пен әдемі тембрді бекерден-бекер дарытпады. Өзімді музыкасыз елестете алмаймын. Сондықтан, әлбетте, музыканы мамандығыммен бірге қатар алып жүремін.

Дінмұхамедтің отбасы оған ән салу қабілеті жақсы ән айтатын атасынан және оның бауырларынан дарыған деп санайды. Бірақ олардың ешқайсысы әнмен кәсіби түрде айналыспады. Оның дарынын бірінші болып әкесінің достары байқап, вокалдық студияға жазылуға кеңес береді.

Нұрқабаевтар отбасында 4 бала бар, олардың әрқайсысы музыкаға әуес. Дінмұхамедтің қарындасы Мәдина бимен шұғылданады. «Jas Tolqyn» Гала-концертінде олар тұңғыш рет дуэтте өнер көрсетті, Дінмұхамед ән салды, ал Мәдина би биледі. Інілері - Әбілмансұр мен Әбілғазиз де музыканы жақсы көреді, заманауи орындаушыларды тыңдайды, фортепианода ойнайды.

Бүгінде Димаш ондаған музыкалық байқауларға қатысып, марапаттарды иеленген. Бізге сұхбаттасқан кезде ол еңбекқорлығы көп көмектескенін бірнеше рет атап өтті. Ол соңғы марапаттары ішіндегі ең ерекшелерін атады. 2017 жылы Димаш Атырау облысы атынан Республикалық «Бала Дауысы-2017» байқауының гранд-финалында өнер көрсетіп, көрермендердің дауыс беруі бойынша үшінші орынды алды.

2018 жылы оның бағы жанды - Мәскеу қаласындағы «Во весь голос-2018» халықаралық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болып, бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, ол осы конкурс аясында композитор Игорь Николаевтың кешінде ән салды.

Сонымен бірге, Дінмұхамед ресейлік «Звонкоголосая страна» музыкалық жобасымен ұйымдастырылған «Звездные дети-2018» халықаралық жобасының жеңімпаздары қатарына енді. Жоба 6 айға жалғасты, нәтижесінде «Звездные дети-2018» атты компакт-дискі шығарылды, оған қазіргі балалар эстрадасындағы үздік 55 орындаушының әндері енді. Дискіде Дінмұхамедтің орындауындағы В. Пресняков кішісінің репертуарындағы «Зурбаган» әні де бар.

Биыл «Jas tolqyn» өңірлік жас таланттар байқауында Гран-приді және Мәскеудегі халықаралық фестивальге жолдаманы жеңіп алды.

Әрбір жетістік пен жеңіске жетуіне Дінмұхамедке анасы үлкен көмек пен қолдау көрсетіп келеді.

«Біздің анамыз бала кезімнен мені музыка саласына жетеледі, менімен бірге әртүрлі байқауларға, фестивальдерге барып, бірге уайымдады. Мен үшін ол ең жақсы продюсер. Ол менің болашағыма қатты алаңдайды және үміт артады. Анам өзінің әр баласының жақсы адам болуын және үлкен жетістіктерге жетуін қалайды», - деп қорытындылады Дінмұхамед.

Еске салсақ, компанияның әлеуметтік-қайырымдылық қызметін жүзеге асыру аясында 2019 жылдан бері «Jas-tolqyn» қайырымдылық жобасы Қазақстанда өткізіліп келеді. Жыл сайын КҚК-Қ Атырау облысының әлеуметтік саласын дамытуға шамамен 3 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы салады.

Қайырымдылық жобасының мақсаты - қазақ халық шығармашылығын халықаралық сахнаға шығару, сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерге қолдау көрсету.

«Jas Tolqyn» байқауы Ресейде 20 жылдан астам уақыттан бері өткізілетін «КҚК-дарынды балаларға» атты халықаралық фестивалі шеңберінде жүзеге асырылады. Байқау Краснодар өлкесінде бастау алып, біртіндеп Консорциум орналасқан барлық ресейлік аймақтарда ұйымдастырылды. Байқауға қазақстандық дарынды балалардың қатысуы фестивальге халықаралық мәртебе берді.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.