КҚК 25 жасы

ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР

  • 29.08.2022

Атырау облысында «КҚК - бірінші сынып оқушыларына» атты қайырымдылық бағдарламасы бастау алды.

1 қыркүйек қарсаңында Каспий Құбыр Консорциумы Атырау облысының үш ауданында жыл сайынғы және дәстүрге айналған «КҚК-бірінші сынып оқушыларына» атты қайырымдылық бағдарламасын өткізді. Науқан жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

Бағдарлама аясында Атырау облысының Құрманғазы ауданы Жасталап ауылында, Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында және Индер ауданы Құрылыс ауылында тұратын бірінші сынып оқушыларына ішінде барлық қажетті оқу құралдары бар мектеп рюкзактары табысталды.

«– Бірінші рет бірінші сыныпқа - бұл әрбір отбасы үшін толқытатын оқиға», - деді Құрылыс ауылы орта мектебінің директоры Қонысбай Оразбаев. - Бүгін алғашқы рет мектепке баратын бүлдіршіндер үшін ерекше қуанышты сәт. Оларда оқуға қажетті кеңсе керек-жарақтарының бүкіл жиынтығы бар. КҚК қолдауының арқасында олардың бірінші сынып туралы естеліктері жарқын болады, Біздің мектеп 2017 жылы КҚК-ның демеушілік көмегімен салынды және компания бүгінге дейін оқушыларымызға көмек көрсетуін жалғастырып келеді».

КҚК 2011 жылдан бері медицина, мәдениет және білім беру саласын қолдауға, сондай-ақ Атырау облысы қалаларындағы және ауылдарындағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырады. Компания салған әлеуметтік нысандар қатарында Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылындағы, Құрманғазы ауданы, Жасталап ауылындағы және Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылындағы мектептер бар.

Бірінші сынып оқушыларына арналған мектеп рюкзактарына дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, сурет салу жиынтығы, ермексаз және басқа да кеңсе бұйымдары салынды.

«КҚК-ға осындай сыйлық үшін үлкен алғыс. Баланы мектепке дайындау - біз үшін өте үлкен көмек. Балаларымыз оқудың басталуын асыға күтуде, мен олар үшін оқу қызықты, өнеге аларлықтай және табысты болады деп үміттенемін», - деді аналардың бірі Оралсын Қаукенова.

Еске сала кетсек, жыл сайын КҚК қайырымдылық жобаларына 3 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсайды. 2001-2021 жылдар аралығында Консорциум жалпы Атырау облысы аумағында қайырымдылық шараларына шамамен 11 млрд теңге жұмсады.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды; бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және « КТК Компани » - 7 % « Қазмұнайгаз » - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.