КҚК 25 жасы

ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР

  • 15.09.2022

Атырау облысында жаңа мектеп салынады

2022 жылғы 15 қыркүйекте Атырау қаласы Талғайран ықшамауданында 900 орындық мектеп құрылысының алғашқы тасын қалау салтанатты рәсімі өтті. Қайырымдылық жоба Каспий Құбыр Консорциумының қолдауымен жүзеге асырылды.

Салтанатты іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов, КҚК бас директоры Николай Горбань, КҚК бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин, Атырау облысы Құрылыс баскармасы басшысының м.а. Нұрберген Құсайынов, қалалық құрылыс бөлімі басшысының м.а. Ерлан Мусин қатысты.

Салтанатты рәсімді ашқан Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов жаңа әлеуметтік нысан құрылысының маңызына тоқталып өтті.

- Бұл Талғайран ықшамауданы тұрғындары үшін көптен күткен оқиға,- деді Серік Шапкенов. - Бүгінде бұл ықшамаудан қарқынды дамып келе жатыр, жаңа мектептің салынуы қаламыздағы оқушы орындарының жетіспеу мәселесін шешуге көмектеседі. Каспий Құбыр Консорциумына әлеуметтік маңызды нысандар салуда үнемі қолдау көрсететіні үшін алғысымды білдіремін. Жылдар бойы қалыптасқан ынтымақтастығымыз кезінде компания Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға сүбелі қосып келеді.

2001-2021 жылдар аралығында Консорциум жалпы Атырау облысы аумағында қайырымдылық шараларына шамамен 11 млрд теңге жұмсады (28 млн-нан аса АҚШ доллары). Олардың ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер салу және қайта жаңғырту жұмыстары бар.

- Консорциумның басымдық беретін құндылықтарының бірі - әлеуметтік жауапкершілік,- деп атап өтті КҚК бас директоры Николай Горбань тас қалау рәсімінде. - Біз әлеуметтік бағытталған компания ретінде КҚК мұнай құбыры жүйесі өтетін аудандарда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды үнемі қолдаймыз. Жыл сайын біз қайырымдылық көмек көрсетуге қомақты қаржы бөліп отырамыз.

Болашақ мектептің аумағы үш гектарды құрайды, бұл жерге жалпы ауданы 12 096,99 шаршы метр үш қатарлы ғимарат салынады. Жобада мектеп кеңістігін үш блокқа бөлу қарастырылған: бастауыш (1-4), орта (5-9) және жоғары сынып оқушыларына арналған. Оқу аудиторияларының жалпы саны - 36, сыйымдылығы - 25 адам. Сынып бөлмелері заманауи оқу және көрнекілік жабдықтарымен жарақталады. Химия, физика, биология зертханалары су құбырымен, желдету жүйелерімен және компрессорлармен жабдықталады. Шет тілдері кабинеттерінде лигафон-мультимедиялық жабдықтар орнатылады. Информатиканы оқыту үшін компьютер сыныптары қарастырылған. Технологияны оқытуға арналған құрама шеберханалар бейініне қарай жарақталады. Мәселен, ер балаларға арналған слесарь шеберханасында станоктар, шебер үстелі, муфель пеші болады. Қыздарға арналған шеберханаға тігін машинасы, айна, манекендер қойылады. Аспаздық кабинеті ыдыс жуатын үстел, стеллаждар, электр пеші, тоңазытқыш, ас үй-тұрмыстық техникалармен жарақталады.

Мектепте оқу бөлмелерімен бірге екі кітапхана, медициналық бекет, екі спорт зал, 210 отыру орны бар акт залы және 312 орындық асхана жұмыс істейді.

Мектептің сыртқы аумағын аббаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Мұнда футбол алаңы, жүгіру жолы, спорттық тренажерлар аймағы, теннис корты мен волейбол алаңы бар стадион салу жоспарланған. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық сабағына арналған кеңістік жасалады, мектеп автобусы мен жеке, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың көліктері тұратын автотұрақ болады.

  Жаңа оқу орнын 2024 жылы ашу жоспарланған.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және « КТК Компани » - 7 % « Қазмұнайгаз » - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.