КҚК 25 жасы

КҚК-ның Қазақстандағы нысандарында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтілді

  • 14.09.2022

Атырауда КҚК Қауіпсіздік күні өтеді

2022 жылғы 14 қыркүйекте Атырау қаласында Каспий Құбыр Консорциумының мерейлі 10-ыншы Қауіпсіздік күні өтеді. Іс-шара халықаралық консорциум акционерлерінің, мердігер ұйымдары мен серіктестерінің, сонымен қатар өңірлік билік органдары өкілдерінің қатысуымен 2012 жыдан бері өткізіліп келеді. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) бойынша стратегиялық жоспарды орындау аясында Қауіпсіздік күніне КҚК-ның барлық басқарушы құрамы қатысады.

Қауіпсіздік күні іс-шарасына 600-ден аса адам тартылды, бағдарламаның спорттық бөлігіне 28 команда шықты: КИНГ АҚ және Каспиймұнайгаз ҒЗЖИ; ҚазТрансОйл АҚ, Начин ЖКҰ ЖШҚ, ММ Секьюрити ЖШС, СТЭМ ЖШҚ, Заман Квантор ЖШС, Еврострой ЖШС, Агропромтехника ЖШС, Велесстрой ЖШС, Велесстрой ЖШҚ, Старстрой ЖШҚ, Пром эксперт ЖШҚ, Южное транспортное предприятие ЖШҚ, ГПВН АҚ, СНГ ЖШҚ, Мастер-Сервис ЖШҚ, Dos Support ЖШС, «ЭКРА» ҒӨК ЖШҚ, Синтек ЖШҚ, КҚК-ның Шығыс, Орталық, Батыс аймақтары және Теңіз терминалы командалары, КҚК ОЖЖБ командасы, АСПМК-519 ЖШС, Магистралдық суағызғы ЖШС, Промстрой-Энерго ЖШС, Премиум ЖШҚ.

2022 жылғы іс-шараның жалпы ұраны - «Біріншілердің уақыты», бұл ретте ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша стратегиялық жоспардың бекітілген жеті мақсатына сәйкес әзірленген жеті конкурстың атауы бұрын өткізілген Қауіпсіздік күндерінің мәртебесіне арналған.

«Бәрі мүмкін» сайысы пайда болған пандемиялар кезінде жұмыстар мен медициналық қамтуды тиімді басқару дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. «Қауіпсіздік - жеңіс кілті» қауіп-қатерлерді басқару процесін жетілдіру мәселелеріне, қатерлер кедергілерінің тиімділігін бағалауға, наряд-рұқсаттама жүйесінің жұмыс істеуіне, оқиғалардың түпкі себептерін тексеру және анықтау процесіне арналған. «Қауіпсіздік олимпиадасы» сайысында өзіңнің ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы құзіреттілігің мен дағдыңды көрсетуге болады. «Біргеміз» - мердігер ұйымдарды ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласында басқару жүйесін жетілдіру тақырыбы бойынша сайыс осылай аталады. «Біріншілердің уақыты» - ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бизнес-процестерінің ынталандыру және жауапкершілік, автоматтандыру және біріктіру жүйелерін жақсарту туралы. «Алға бас» (Алға бір қадам) сайысының тапсырмалары өндірістік қызметтің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған. «Дүлей күштер ойыны» сайысында қатысушылар өздерінің апаттық жағдайға дайындығын және ТЖ кезінде әрекет ету дағдыларын тексереді.

Қауіпсіздік күнін өткізу аумағы дәстүрлі шығыс стилінде безендірілген: ұлттық нақыштағы жасау-жабдығымен құрылған киіз үйлер, қатысушыларды бес қаруын асынған қазақ батырлары қарсы алады. Киіз үйлердің бірі «Ізгі істер бюросы» деп аталады. Мұнда әр қатысушы халықаралық консорциумға өз тілектері мен ұсыныстарын, соның ішінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ойларын қалдыра алады. Бастамалары үшін әр қонаққа кәдесыйлар тарту етіледі.

Іс-шара аумағында суретке түсу аймағы мен садақ атуға машықтанып, қазақтың ұлттық ойыны - асық ойнауға, концерттік бағдарламада жергілікті әртістер мен шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалауға болатын белсенділік аймағы ұйымдастырылған.

Қауіпсіздік күні дәстүр бойынша жарысты қорытындылап (КҚК баспасөз қызметі кейін жариялайды), жеңімпаздарға сыйлықтар берумен аяқталады.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) - 24% және « КТК Компани » - 7 % « Қазмұнайгаз » - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.


Қарлығаш: 0

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.