Уәдеге мәрт, іске жомарт
Мұнай-газ саласының көрнекті тұлғасы Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин туралы сыр. Тіршілікте байқайтынымыз – адам қандай асулардан асып, биік белестерге шықса да, мәртебелі билікке, ықпалды дәулетке қол жеткізсе де, қаншама жыл өтсе де әкесінің қанымен, анасының сүтімен берілетін тума қасиеттері аса өзгеріске түсе қоймайды. «Асыл адам айнымас» деген осы. Тектілік – адастырмас темірқазық. Қазақстан мұнай-газ саласының қарымды қайраткері Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдиннің тұла бойына біткен тума қасиеттері естігенді қызықтырады, көргенді қайран қалдырады.