КҚК 25 жасы

КОНСОРЦИУМ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ

Шығыс аймақ

Объектілер:

«Теңіз» МАС «Теңіз» МАС
Қазақстан Республикасы Атырау облысындағы басты мұнай айдау станциясы, «Теңіз – Новороссийск» мұнай құбыры маршрутының бастапқы нүктесі. толығырақ
«Атырау» МАС «Атырау» МАС
Қазақстан Республикасы Атырау облысындағы қолданыстағы станция. толығырақ
«Исатай» МАС «Исатай» МАС
Қазақстан Республикасы Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан, «Теңіз – Новороссийск» мұнай құбырының 292-км-дегі аралық мұнай айдау станциясы. толығырақ
«Құрманғазы» МАС «Құрманғазы» МАС
Қазақстан Республикасы Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан толығырақ
Қазақстан Республикасы Атырау облысының аумағында Консорциумның төрт объектісі орналасқан: «Теңіз» МАС, «Атырау» МАС, «Исатай» МАС, «Құрманғазы» МАС.
Облыста КҚК қайырымдылық бағдарламасы 2000 жылдан бері іске асырылып келеді. Атырау облысының аумағында 2000 - 2017 жылдар аралығында қызмет жүргізген кезеңде Каспий Құбыр Консорциумы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің құрылысын салу мен оларды жабдықтауға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға шамамен 8 млрд теңге (1 321 472 000 рубль) инвестициялады.

2017 жылы Консорциум Атырау облысының әкімдігімен ынтымақтасып, жалпы сомасы 692 млн. теңге (2,09 млн. АҚШ долл.) құрайтын 33 әлеуметтік жобаны іске асырды, оның ішінде:

  • 7,9 млн. теңге (25,5 мың АҚШ долл.) құрайтын сомаға жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, оның ішінде балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, қысқы киім, аяқ киім, ойыншық сыйлау түріндегі қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру.
  • Білім беру жүйесіне 634,5 млн. теңге (1,9 млн. АҚШ долл.) сомасына қолдау көрсету, оның ішінде: №16 балабақшаны күрделі жөндеу мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қосалқы мектепті абаттандыру, кір жуу бөлімі мен монша салып беру, Атырау қаласындағы №17, №16 және №5 орта білім беретін мектептерге спорт алаңдарын салып беру, №31 балабақша ғимаратын күрделі жөндеу және жапсарлас құрылыс салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу, Құрманғазы ауданы Жасталап кентінде 80 орындық мектеп пен Атырау қ. Самал ықшам ауданында 290 орындық балабақша құрылысын бастау. 2017 жылғы 1 желтоқсанда Индер ауданы Құрылыс ауылында 100 орындық мектептің ашылуына арналған салтанатты рәсім өткізілді.
  • 2017 жылы Кеңейту жобасының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталды, оның аясында Құрманғазы ауданы Ганюшкино с. жалпы құны 605 млн теңге құрайтын 160 орындық балабақша пайдалануға енгізілді. Құрманғазы ауданы Ақкөл кентінде және Исатай ауданы Аққыстау селосында әрқайсысы 290 орындық екі балабақша құрылысы басталды. .
  • 2017 жылдан бастап КҚК-Қ Атырау облысының 219 мектеп пен ЖОО-ларының «National Geographic Kazakhstan» журналының қазақ тіліндегі нұсқасына жазылуын қаржыландырды. 2018 жылы КҚК-Қ бұл акцияны жалғастырды.
  • 49,6 млн.теңге (149,3 мың АҚШ долл.) сомасына экологиялық бағдарламаларды қолдау Қазақстан Республикасының биологиялық алуантүрлілігін сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған Экологиялық жобаны іске асыруды қамтиды. «Киелі Киік» деп аталатын жоба аясында халыққа киіктердің популяциясын сақтап қалудың проблемалары туралы ақпарат беруге арналған PR-кампания басталды, соңғы 5 жылда киіктердің саны 90% азайып кеткен.

Толық сипаттау Жасыру толық сипаттау

жаңалықтар

Наш сайт использует файлы cookie. продолжая пользоваться сайтом, вы соглашаетесь на использование нами ваших файлов cookie.