Тасымалдау артериясының Новороссийск қаласына жақын жердегі Южная Озереевка кентінде орналасқан аса маңызды торабы. Мұнайды әлем нарықтарына жөнелту үшін танкерлерге тиеу айлаққа шығарылатын үш құрылғы (АШҚ) көмегімен жүргізіледі. Пайдалануға 2001 жылы енгізілген, Кеңейту жобасы аясында 2014 жылы модернизациядан өткізілді.
КҚК Теңіз терминалының Резервуарлар паркі Краснодар өлкесі Новороссийск қалалық округінде таулы жерде теңізден шамамен 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл КҚК-ның ең ірі өндірістік объектісі, оның ауданы 160 гектар. Пайдалануға 2001 жылы енгізілген, Кеңейту жобасы аясында 2010 жылы модернизациядан өткізілген.
Мұнай сақтауға арналған, әрқайсысы 100 мың м³ он сыйымды ыдыс технологиялық және сейсмикалық берік етіп монтаждалған.
Толық сипаттау
Жасыру толық сипаттау